Қызылорда облысында жер сілкінуі мүмкін

64

0

Қызылорда облысында жер сілкінуі мүмкінҚызылордада ҚР Сейсмология институтының өңірлік орталығын ашу мәселесі қаралуда, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Сейсмология институты әзірлеген Қазақстан сейсмокартасында облыстың Шиелі және Жаңақорған аудандарының бір бөлігінің сейсмикалық белсенді аймаққа кіретінін көруге болады. Ал мұнайгаз кен орындары – басқа мәселе. Онда ұзақ жылдарға созылған пайдалы қазба байлықтарын өндіру процесінің зардаптары көп болады. Мысалы, ТЖД ақпараты бойынша Құмкөл кен орнында төрт жыл бұрын магнитудасы 5 балға жететін жер сілкінісі тіркелді. Және қазіргі таңда Құмкөл мен бірнеше елді мекеннің сейсмоқауіпсіздігі мәселесі маңызын жоғалтқан жоқ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз