Қызылорда облысында жүрекке жаңа ота түрі жасалды

48

0

Қызылорда облысында жүрекке жаңа ота түрі жасалдыҚызылорда облысында жүрекке жаңа ота түрі жасалды, деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Астана
қаласындағы Ұлттық ғылыми орталықтың кардиохирургия бөлімінің
меңгерушісі, медицина ғылымының кандидаты Тимур Лесбеков және жоғары
білікті реаниматор-анестезиолог Нұрлан Смағұловтардың көмегімен жүрек
соғысын тоқтатпай, жүрекке ашық ота жасады. «Аталған ота облысымызда
бірінші рет жасалуда. Облыстық медицина орталығының кардиохирургтары
тікелей отаға қатысып, тәжірибе алмасты. Жыл басынан бері ашық жүрекке
20-дан астам ота жасалса, жаңа ота 4 науқасқа жасалып, білікті мамандар
15 науқасқа кеңес берді», – делінген хабарламада.

Ендігі кезекте, заманауи құрал-жабдықтармен
жабдықталған облыстық медицина орталығының кардиохирургтары аталған ота
түрін өз күштерімен жасамақ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз