Қызылорда облысында жыл соңына дейін 4 аудан орталығы толықтай газдандырылады

57

0

Қызылорда облысында жыл соңына дейін 4 аудан орталығы толықтай газдандырыладыҚызылорда облысын кешенді газдандырудың І кезеңінде 21 елді мекенді «көгілдір отынмен» қамтамасыз ету жоспарлануда. Оның ішінде 4 аудан орталығы жыл соңына дейін толық газдандырылады деп күтілуде.

Бұл туралы бүгін облыстық энергетика және тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық басқарма басшысының орынбасары Асылбек Шәменов «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникациялық орталықта өткен брифинг барысында хабарлады.

А.Шәменовтың айтуынша, облыс орталығының 92 пайызы газбен қамтамасыз етілген. Қазіргі таңда Арал ауданы, Әйтеке би, Шиелі, Жаңақорған кенттері және Байқоңыр қаласы бойынша газдандыру жұмыстары қарқынды. Сондай-ақ Қарауылтөбе мен Белкөл елді мекендерін газдандыру бойынша жобасы жасалып, үкіметте қаралуда.

Өз кезегінде «Қазтрансгаз» АҚ-ның Қызылорда бойынша филиалы директорының орынбасары Қайнар Нұрлыбаев аймақтың қазіргі газдандыру жағдайын мәлімдеді. Оның айтуынша, бүгінгі күннің өзінде 2500 тұрғын газ орнатуға арыз берген. АҚ мен «Хоум кредит», «Каспий банк», «Еуразия банкі» арасында келісімшарт жасалып, тұтынушыларға қызмет көрсетуде. Сонымен қатар, «Қазтрансгаз» тарапынан 45 пайыздық жеңілдіктер де қарастырылған, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз