Қызылорда облысының аграрлық сала өкілдері агробизнеске жасалған қолдау шаралары үшін ҚР Президентіне алғыс айтты

40

0

Қызылорда облысының аграрлық сала өкілдері агробизнеске жасалған қолдау шаралары үшін ҚР Президентіне алғыс айттыҚызылорда облысының аграрлық сала өкілдері Мемлекет басшысы Нұрсұлтан
Назарбаевтың атына агробизнеске жасалған қолдау шаралары үшін алғыс
айтып, хат жолдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Авторлар
өз хатында агробизнеске жасалған қолдау шараларының арқасында елдің
агроөнеркәсіп кешені қарқынды дамып келе жатқаны үшін Мемлекет басшысына
алғыс айтқан. Осындай қолдау нәтижесінде күріш өндірісінің көлемі мен
мал басы айтарлықтай өскен. Сондай-ақ соңғы екі жылда ауыл шаруашылығы
секторына салынған инвестиция көлемі 7,7 есеге ұлғайған.

Аграрлықтар күріш ору науқаны таяуда аяқталғанын,
оның барысында 84 мың гектар алқаптың әр гектарынан 50,5 центнерден өнім
алынғанын атап өткен.

«Ел қамбасына 423 мың тонна күріш құйылды.
Тәуелсіздік тарихындағы осы рекордтық көрсеткішке соңғы үш жыл бойы қол
жеткізіліп келеді, – делінген хатта.

Соңында авторлар Мемлекет басшысының бастамаларын
жүзеге асыру ісіне белсене қатысуға және елді одан әрі дамыту үшін бар
күш-жігерлерін жұмылдыруға әзір екенін айтқан.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз