Қызылорда облысының Қармақшы ауданында кәсіпкерлікті қолдау орталығы ашылды

51

0

Қызылорда облысының Қармақшы ауданында кәсіпкерлікті қолдау орталығы ашылдыҚызылорда облысына қарасты Қармақшы ауданында кәсіпкерлікті қолдау орталығы ашылды. Бұл өңір аудандарында ашылып жатқан екінші орталық.

Бұған дейін Сырдария ауданында ашылған болатын. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі хабарлады.

Орталықтың ашылуынаПарламент Мәжілісінің депутаты Алмас Тұртаев, облыстық кәсіпкерлер палатасы мен аудан басшылығы және аймақ кәсіпкерлері қатысты.

Кәсіпкерлікті қолдау орталығын ашудағы мақсат – ісін жаңа бастаушы, сондай-ақ жұмыс жасап жүрген кәсіпкерлер үшін қызмет түрлері жинақталған инфраструктура құру.

Шараның ашылу рәсімінде Алмас Тұртаев қазіргі таңда елімізде кәсіпкерліктің дамуы үшін барлық жағдай жасалып жатқандығын атап өтті. «Бүгінгі ашылып отырған Орталық соның бірден бір көрінісі. Ендігі жерде кез келген кәсіп бастағысы келген азамат, тиісті құжаттарын осы жерден рәсімдеу арқылы уақытын ұтымды пайдаланып, кәсіпкерлік саласына қатысты сауалына жауап ала алатын болады. Орталық осынысымен құнды», – деді ол.

Орталықтың ерекшелігі «бір терезе» қағидасы аясында жұмыс жасайды, яғни мұнда Кәсіпкерлер палатасының мамандарымен бірге ХҚО, «Қазагромаркетинг», «Кәсіпкерлерді қаржылай қолдау қоры» АҚ филиалдарының мамандары мен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлері бір жерде тұрғындарға қызмет көрсететін болады.

Орталыққа келген кәсіпкерлер бухгалтерлік және салықтық есепті жүргізу, кедендік рәсімдер, менеджмент жүйелерін енгізу, заң, ақпараттық технологиялар, мемлекеттік сатып алулар және жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алулары, маркетинг мәселелері және бизнес-жоспар жасау, сот органдарында сүйемелдеу, рұқсат ету рәсімдерін алу және өзге де 20-дан астам қызмет түрлерін ақысыз ала алады.

Сонымен бірге, өз ісін бастағысы келген азаматтар Орталықта жұмыс жасайтын «Бизнес мектепте» кәсіпкерлік негіздері бойынша біліктіліктерін жетілдіретін болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз