
Конференцияда облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қос басылымның мерейтойымен құттықтап, бірқатар қаламгерлерді марапаттады. Облыс әкімінің «Құрмет» грамотасымен «Сыр бойы» газетінің фото тілшісі Болат Омаралиев және «Кызылординские вести» газетінің тілшісі Мақсұт Ибрашев марапатталды. Ал Гүлжазира Жалғасова, Әділжан Үмбет, Юлия Вервай, Айнагүл Манабаева, Бақытжан Салмырза «Алғыс хатпен» марапатталды. Сонымен қатар аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев қос басылымға жеңіл автокөліктің кілтін табыс етті.
Сонан соң Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика мәселелерін зерттеу институтының директоры Намазалы Омашев, «Қазақ энциклопедиясы» бас редакциясы – ғылыми-анықтамалық баспа мекемесінің бас директоры Бауыржан Жақып бастаған профессорлар баяндама жасады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!