Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының 60 жылдығы аталып өтті

111

0

Қызылорда облысының дене
шынықтыру және спорт басқармасының құрылғанына 60 жыл толуына орай «Сыр
спорты тарих толкынында» атты мерекелік шара өткізілді.

Аталмыш
шараға 1954 – 2014 жылдары аралығында басқарманы басқарған басшылар мен
өмірін спортқа арнап, өңіріміздегі спорт тарихының тізгінін ұстаған
жандар – спорт ардагерлері, спорт саласын барынша қолдаған, облысымыздың
жанашыр азаматтары, Сыр спортының жетістіктерін жариялап, насихаттап
отырған бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, әрбір баланың бойындағы
күшті танып, әлемдік аренаға шығуына дәнекер болған жаттықтырушылар,
еліміздің абыройын әлемдік аренада қорғаған белгілі қызылордалық
спортшылар қатысты.

Бұл іс-шара жеңіс тұғырынан көрінген үздік
спортшылар және облыстағы спорт нысандары көрсетілген бейнебаяннан
басталып, ауыр атлетикадан 4 дүркін Әлем, 2 дүркін Олимпиада чемпионы
Илья Ильиннің құттықтауы жеткізілді.

Шараның ашылуында облыс әкімінің орынбасары Рауан
Кенжеханұлы барлық спорт саласының қызметкерлерін айтулы мерекемен
құттықтап, бірқатар азаматтарды ҚР Мәденеиет және спорт министрлігінің
«Дене шынықтыру мен спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен
марапаттады.

Сондай – ақ, облыстық дене шынықтыру және спорт
басқармасының басшысы Садық Мұстафаев 1963 – 1982 жылдары Қызылорда
облысының дене тәрбиесі және спорт комитетін басқарған Войнова Раиса
Дмитриевнаға, 1988 – 2002 жылдар аралығында облыстық туризм, дене
шынықтыру және спорт комитетінің басшысы қызметін атқарған Ким Юрий
Федоровичқа, 2002 – 2004 жылдары облыстық туризм, дене шынықтыру және
спорт басқармасының тізгінін ұстаған Нұрғали Ерлан Қасымбайұлына
басқарманың 60 жылдық мерейтойына арналған медалін табыстап, салтанатты
марапаттау рәсімін жүргізді.

Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз