Қызылорда облысының кедендік бақылау департаменті таратылды

42

0

Қызылорда облысының кедендік бақылау департаменті таратылдыҚазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті таратылды.

Бұл туралы облыстық кедендік бақылау департаменті баспасөз қызметінің бас маманы Бақыт Орданова хабарлады.

Ол ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 15 тамыздағы №933 «Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының ведомстволары туралы» Қаулысы негізінде жүзеге асырылып отыр. Яғни, оның орнына Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдары – Мемлекеттік кірістер департаменті құрылмақ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз