Қызылорда облысының әкімі Илья Ильинді туған күнімен құттықтады

38

0

Қызылорда облысының әкімі Илья Ильинді туған күнімен құттықтадыБүгін Қызылорда облысының әкімі
Қырымбек Көшербаев Олимпиаданың екі дүркін және әлемнің төрт дүркін
чемпионы Илья Ильинді жаттығу залына барып, туған күнімен құттықтады. 
Аймақ
басшысы Қырымбек Елеуұлы Ильяға жылы лебізін жеткізіп, сый-сияпатын
көрсетті. Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиадаға дайындығын сұрап, жеңіске
жетуіне тілектес екенін айтты.

Илья, мен сені бүкіл Сыр жұртшылығының атынан туған күніңмен шын
жүректен құттықтаймын. Біз сенімен, сенің жетістіктеріңмен мақтанамыз.
Алдағы уақытта да сенен тек жеңіс күтеміз. Саған әрқашан қолдау
көрсетуге дайынбыз, – деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев. 

Менің қуанышымды бөлісіп, арнайы жаттығу залына келгендеріңіз үшін
ризашылығымды білдіремін. Қазір біз қызу жаттығу үстіндеміз. Әр жарыстың
алдында мен өзімнің туған жерім Қызылордаға келіп, осы залда жаттығу
жасаймын. Ең алғаш үлкен спортқа қадам жасаған жерім болғандықтан, бұл
мен үшін өте маңызды. Мен төрт жылдықтың басты бәсекесінде жеңіске
жетіп, көк туымызды желбіретуге уәде беремін, – деді Илья Ильин.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз