Қызылорда облысының əкімі «Мектепке жол» акциясына қатысты

39

0

Қызылорда облысының əкімі «Мектепке жол» акциясына қатыстыЖылдағы дәстүр бойынша оқу жылының басында ұйымдастырылатын «Мектепке жол» акциясы аясында биыл Қызылорда облысында ауқымды жұмыстар өткізілуде. Атап айтқанда, аймақтағы барлық мемлекеттік мекемелер мен ірі кәсіпорын қызметкерлері қайырымдылық шараға бір күндік жалақыларын аударды. 
Бұл жұмыстарды ұйымдастыру «Сыр мейірімі» қайырымдылық қорына жүктелген. 1 тамыздан бүгінгі дейін 3 мың 151 бүлдіршінге мектеп формасы мен оқуға қажет құрал-жабдықтары алынып берілді. Акция қыркүйек айының соңына дейін жалғасатын болады.   
«Мектепке жол» акциясы аясында бүгін облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Назарбаев зияткерлік мектебінде 20 балаға мектепке қажет құрал-жабдықтарын табыстады. 
Аймақ басшысы бүлдіршіндерге оқуда озат болып, үлгілі оқушы атануларына тілектес екенін жеткізді. 
– Білім мен ғылымды игерсеңдер бақытқа да кенелесіздер. Әрдайым халық даналығынан тәлім алып, өмірге қажетті жақсылық, адамгершілік, зеректік, шыдамдылық, қағілездік, батылдық, еңбексүйгіштік, қанағатшылдық, әдептілік сияқты қасиеттерді бойларына дарытып өскен Мәңгілік Еліміздің нағыз патриоты болатындарыңа мен сенемін, – деді облыс әкімі. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз