Наталья Годунова «Нұр Отан» партиясының хатшысы болып тағайындалды

40

0

Наталья Годунова «Нұр Отан» партиясының хатшысы болып тағайындалдыБүгін аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев бұрынғы облыс әкімінің орынбасары
Наталья Годунованы облыс активінде қабылдап, жаңа қызметімен
құттықтады.

Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

– Наталья Николаевнаның қарамағында ең маңызды
салалардың бірі – әлеуметтік-экономикалық сала болды. Облыс әкімінің
орынбасары ретінде аймақтың дамуына қосқан үлесі де зор. Оның
бастамасымен өңірдің 2020 жылға дейінгі даму жоспары әзірленді,
мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағытындағы жұмыстарды жолға қоюда да
аз еңбек сіңірген жоқ. Ол – өз ісінің нағыз маманы, білімді,
интеллектуалдық әлеуеті биік, адами қасиеттері жоғары. Сондықтан, Сыр
өңірінің дамуына қосқан үлесі үшін алғысымызды айтып, жаңа қызметіне
сәттілік тілейміз,- деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.

Наталья Годунова өз кезегінде көрсетілген құрметке алғысын білдірді.
Қ.
Көшербаев аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін
Наталья Годуноваға Қызылорда облысының Құрмет грамотасын табыстады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз