Қызылорда облысының командасы қазақ күресінен Қазақстан кубогының жеңімпазы атанды

38

0

Қызылорда облысының командасы қазақ күресінен Қазақстан кубогының жеңімпазы атандыАтырауда қазақ күресінен еліміздің барлық өңірінен 16 команда қатысқан
Қазақстан Республикасының кубогында облыс құрама командасы командалық
есепте жеңімпаз атанды. 

Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Сыр өңірінің палуандары
алғашқы белдесулерінде Павлодар және Атырау облысының спортшыларынан
басым түссе, жартылай сында Қостанай спортшыларын және финалда Жамбыл
облысының жігіттерін ұтып, өздерінің мықты екендіктерін дәлелдеді. 
          
Команданың алға
шығуына қармақшылықтар Бауыржан Райсов (55 келі), Ерлан Жақсыбеков (66
келі), Ғалым Әбдірахманов (74 келі), Мақсат Исақабыловтар (90 келі),
Айбек Серікбаев (100 келі), Марат Баймаханов (+100 келі), байқоңырлық
Дархан Сержанов (60 келі), жаңақорғандық Бағдәулет Төлегенов (82 келі),
және жалағаштық Жайдарбай Есеновтер (82 келі) өз үлестерін қосты. 
         
Екінші орынды – Жамбыл облысы, үшінші орынды  Атырау облысы және Астана қаласының командалары иеленді. 
        
 
Ал жекелей сында 90 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Мақсат
Исақабылов  чемпион атанды. 60 келіде Дархан Сержанов, 66 келіде Ерлан
Жақсыбеков және 82 келіде Жайдарбай Есеновтер кубоктың қола жүлдесін
иеленді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз