Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлік негіздеріне арналған қысқа мерзімді оқыту курсына шақырады

106

0

Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлік негіздеріне арналған қысқа мерзімді оқыту курсына шақырадыҚызылорда облысының кәсіпкерлер
палатасы барлық ниет білдірушілерді «Бизнес-кеңесші» жобасы аясында тегін, екі
күндік оқыту-семинарына шақырады.

Оқыту-семинары
аясында тәжірибелі бизнес-тренерлер: Аманова Жанна, Байсалбаев Еркін және
Ержанова Дана маркетинг бойынша, адами ресурстарды басқаруға, бизнесті
жүргізудің құқықтық және қаржылық негіздеріне қатысты оқыту өткізетін болады.
Екі күннің ішінде семинарға қатысушылар ақпараттық ресурстарды қолдануды
үйреніп, салықтық режиммен танысатын болады, сондай-ақ бизнесті мемлекеттік
қолдау құралдарымен танысып, бизнес-идеяны таңдауға мүмкіндік алатын болады.

Оқыту
төмендегі мерзімде өткізілетін болады:

·8-9 шілде – Сырдария ауданы

·15-16 шілде – Шиелі ауданы

·16-17 шілде – Қызылорда қаласы

·22-27 шілде – Арал ауданы

·29-30 шілде – Жалағаш ауданы

·30-31 шілде – Қызылорда қаласы

Сондай-ақ, біздің
бизнес-тренерлер «Бизнес-Кеңесші» сертификаты бар кәсіпкерлерге арналған
кәсіпкерлікті дамытуға арналған «Бизнес-Өсу»жобасы аясында да қысқа мерзімді оқу өткізеді.

Оқыту 13-15 шілде
және 22-28 шілде аралығында Қызылорда қаласында өткізіледі.

Оқу
курсының қорытындысымен қатысушыларға сертификат беріледі.

Оқу
тегін.

Өтінімдер Қызылорда
қаласы, Әйтеке би 28 мекен-жайында орналасқан Қызылорда облысының кәсіпкерлер
палатасында және аудандарда Кәсіпкерлер палатасы филиалында орналасқан
Кәсіпкерлікті қолдау орталықтарында қабылданады.

Қызылорда
облысының кәсіпкерлер палатасында жауапты маман Сервистік қолдау бөлімінің
сарапшысы Жанат Матерзаева, + 7 /7242/40-08-74.

Қызылорда облысының

кәсіпкерлер палатасының баспасөз
қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз