Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы тағайындалды

69

0

Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы тағайындалдыҚызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың өкімімен облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы болып Аманжол Алдажаров тағайындалды. 
Аманжол Исатайұлы 1976 жылы дүниеге келген. Қызылорда дербес «Сейхун» институтын «экономист» және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «саясаттану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1999 жылы Қазалы аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің маманы ретінде бастаған.
2001-2004 жылдары аталған бөлімнің бас маманы және бөлім жетекшісі, 2004-2009 жылдары Қазалы ауданы әкімі аппаратының бас маманы, бас инспекторы және бөлім меңгерушісі, 2009-2011 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөлімінің сектор меңгерушісі, 2011-2013 жылдары Қызылорда қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы, 2013-2014 жылдары Қазалы ауданы әкімінің орынбасары болған.
2014 жылдың шілде айынан 2016 жылдың желтоқсан айына дейін Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз