Қызылорда ОІІД Жергілікті полиция қызметінің бастығы тағайындалды

105

0

Қызылорда ОІІД Жергілікті полиция қызметінің бастығы тағайындалдыОблыс әкімінің өкіміне сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ұсынуымен және облыстық мәслихатының келісімі бойынша Қызылорда облысының ішкі істер департаменті Жергілікті полиция қызметінің бастығы лауазымына полиция полковнигі Бауыржан Ибраев тағайындалды.
Бауыржан Ибраев 1969 жылы дүниеге келген. 1997 жылы Орталық Азия университетін «заңгер» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1997 жылы Облыстық ішкі істер басқармасы Жол полиция қызметінің инспекторы ретінде бастаған. 1998-2013 жылдар аралығында Жол полиция басқармасында бірнеше жауапты лауазымдарда қызмет еткен. 2013-2015 жылдар аралығында Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары лауазымында болған.
2016 жылдың маусымынан жаңа тағайындауына дейін ОІІД Жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары болып қызмет еткен.
 

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз