
16 тамыз күні Қызылорда-Павлодар жолының 1303-шақырымында «Кока-Кола» сусынымен артылған жүк көлігі «Жигули» маркалы жеңіл автокөлігімен соғылды. ЖКО салдарынан жеңіл автокөліктің жолаушысы – әйел адам қаза болды. Сонымен бірге, үш жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Оқиға орнында тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Жол апатының себептері анықталуда.