Қызылорда өңірінің халқы жыланнан жапа шегіп жатыр

80

0

Қызылорда өңірінің халқы жыланнан жапа шегіп жатырҚызылорда өңірінің халқы жыланнан жапа шегіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар» агенттігі.
Сырдария ауданына қарасты Айдарлы ауылының тұрғыны Ермахан Әбдіраманов ауруханаға ауыр халде түскен. 44 жастағы азаматты улы жылан бақшада жүрген кезінде шағыпты. Сөйтіп ол дереу ауылдық амбулатория дәрігерінің көмегіне жүгінеді. Алайда денеге тараған уыттың күші қайтпаған соң әбден әлсіреген науқас облыстық медицина орталығына жеткізіледі. Қазір жағдайы бір қалыпты.
 
Ермахан Әбдіраманов, Ем алушы:
-Бақшаға барғанмын. Қияр жинайын деп пәлек арасын ашып жатқан кезде бір қысқа сұр жылан қолымды сарт еткізіп шағып алды. Жылан шаққан кезде қолым ісе бастады. Жағдайым болмай, басым айналып, көзім көрмей, қарауыта бастады. Кешкісін сағат 9-ға дейін осы ауруханаға жеткізілдім.

«Жалпы жаз басталғалы мұндай оқиғалар жиілеп кетті», – дейді мамандар. Бұл өңірде түсі суық бауырымен жорғалаушының он түрі кездеседі екен. Олардың ішінде адамға шабуыл жасайтындары – ордалы, сұр, су және оқ жыландар. Сондықтан табиғат аясына демалысқа шыққанда немесе егістіктік алқапта жүргенде абай болған жөн. Тіпті алғашқы дәрігерлік көмек көрсету әдістерін де біле жүрген абзал.

Ерболат Алдабергенов, Дәрігер-токсиколог:
-Көбінесе не аяқтан немесе қолдан шағады. 10 минут ішінде жылан шаққан жерді ауызбен уын сорып, түкіріп тастауға болады. Егер ауызда жара болмаса. Жыланға қарсы антитота бар. Уға қарсы антитотты жедел түрде салуымыз керек. Ары қарай емдері типтоматикалық, антибиотик терапия.

Жұртты дүрліктірген тек жылан емес. Қарақұрт та тұрғындарың әбден зәресін алып болған. Жаз келгелі екі адам қауіпті жәндіктен жапа шекті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз