Қызылорда «Сыбаға» бағдарламасын орындауда республикада көш бастап тұр

88

0

Қызылорда «Сыбаға» бағдарламасын орындауда республикада көш бастап тұрҚызылордада «Сыбаға» бағдарламасы
бойынша 3 жылдық жоспар 41 пайызға артығымен орындалды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Облыста етті малдың
басы көбейіп, экспорттың әлеуетін арттыруға мүмкіндік жасалуда.  2011-2013
жылдары аталған бағдарлама аясында облыс бойынша  шаруашылық құрылымдары арқылы «ҚазАгро» ҰБХ»
АҚ-нан 1313,5 млн. теңге несие алып, 7494 бас аналық сиыр  және 400 бас ет бағытындағы асыл тұқымды бұқа
сатып алды. Осылайша, 3 жылдық жоспар 41,4 пайызға артығымен орындалды.
Шаруашылықтардың өз қаржылары
есебінен ет бағытындағы «Қазақтың ақбас» сиыры тұқымының 100 бас қашары мен 20
бас бұқасын және «ҚазАгроӨнім» АҚ-на еншілес «KazMeat» ЖШС-нен ет бағытындағы
мал шаруашылығын ұйымдастыру мақсатында 37 млн. теңге несие алынып, 210 бас
тауарлы сиыр және 7 бас ет бағытындағы асыл тұқымды бұқа сатып алынды.
Жыл басынан 42 шаруашылық 320,2
млн. теңге несие алып, 1858 бас аналық және 93 бұқа сатып алды.
Сондай-ақ, өңірде бағдарлама аясында
барлығы 5 мың бастық мал бордақылау алаңын салу жоспарланған. Өткен жылы үш
шаруашылық өз қаржысы есебінен 750 басқа арналған мал бордақылау алаңын салды.
Бүгінде облыс
бойынша есептік номер алған қуаттылығы 1650 басты құрайтын 18 мал бордақылау
алаңы жұмыс жасауда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз