Қызылорда театры сыйақы иеленді

34

0

Қызылорда театры сыйақы иелендіАқтауда «Әбіш әлемі» атты бірінші республикалық театр фестивалі өтті. Төрт күнге созылған театр фестиваліне Қазақстанның әр өңірінен 7 театр ұжымы қатысты. Фестивалдің басты мақсаты – арамыздан кеткеніне бір жыл болған қарымды қаламгерді еске алу және оның шығармаларын насихаттау болса, байқауға қатысушы өнер ұжымдарына қойылған талап – Әбіш Кекілбайұлының шығармаларын сахналау, – деп жазады «Егемен Қазақстан» газеті.
Сахна шеберлері Әбіш шығармаларындағы тарихи тұлғалардың психолигиялық ерекшеліктері мен қайраткерлік қырларын, тарихи болмысын барынша ашып көрсетуге тырысты. Қазылар құрамы, нәтижені жоғары бағалап, екі жылда бір рет өтетін аталмыш фестивалді әбіштануға, Әбіш шығармаларын игеруге жасалған игі қадам деп бағалады.
«Абылай хан», «Лир патша», «Ханша-дария хикаясы», «Адам болып өтейін» — барлығы жеті  шығарма сахналанған төрт күндік өнер додасына 120-ға жуық әртістер қатысты. Фестивалдің бас жүлдесі мен Әбіш Кекілбаев атындағы марапатты «Шыңырау» драмасымен Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық драма театры ұжымы иеленді.
Петропавлдан келген Сәбит Мұқанов атындағы қазақ драма театрының ұжымы «Актерлық ізденістер» номинациясын жеңіп алса, «Тарихты сахналағаны үшін» аталымын Тахауи Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театры иеленді. Аймақ басшылығы тағайындаған «Заманына үндес спектакль» және  «Үздік Әбіш Кекілбаев аудармасы» сыйақысын Қызылорда және Алматы облысынан келген өнер ұжымдары иемденді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз