Қызылорда тұрғыны теледидармен ағасының басын жарған

50

0

Қызылорда тұрғыны теледидармен ағасының басын жарғанЖанжал кезінде немере ағасының теледидармен басын жарған Қызылорда тұрғынының бас бостандығы шектелді. 

Жігіт өзінің немере ағасымен бірге жалданып жұмыс істеген екен, тапқан табыстарын бөлісу кезінде арада келіспеушілік туындайды. Ащы суға тойып алған соң, ағалы-інілі енді табысты күшпен бөлмек болады, соңғысы туысының жағасына жармасып, еденге құлатқан. Мұнымен қоймай, бөлмедегі теледидарды алып, басынан ұрады. Зардап шегуші орта деңгейде жарақат алған.

Сот сотталушының бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмағанын ескеріп, оған екі жылға бас бостандығынан шектеу түрінде жаза кесті.

 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз