Қызылорда тұрғыны жылдың үздік блогері атанды

156

0

Қызылорда тұрғыны жылдың үздік блогері атандыҚазақ блогерлері арасында наурыз айында басталған Блогиада жарысы өз мәресіне жетті. «Инвесторлар альянсының» демеушілігімен өткен Блогиада қорытындысы 18 желтоқсан күні Астана қаласындағы Multispace коворкинг орталығында өтті, деп хабарлайды Bnews.kz.

Жарысқа Алматы, СҚО, ОҚО, Қызылорда, Қарағанды, Атырау облыстары және Алматы, Астана қалаларынан 31 блогер қатысты. Қатысушылардың ең жасы 18, ең үлкені 33 жаста. Конкурстық жазбалар Қазнеттегі 13 түрлі блогта жарияланды. Жалпы, 8 ай ішінде Блогиадада 338 пост жазылды.
8 айлық марафонның нәтижесінде 1-орынды Қызылорда облысынан ағылшын тілі аудармашысы Асқар Базарбай иеленді. Жүлдегер финалистер қатарына танымал блогер, Kaztube порталында жоба жүргізуші Эльвира Ерғалина, Еуразия ұлттық университетінде мұғалім Әйгерім Кеулімжай, ОРТ-Еуразия телеарнасының жаңалықтар жүргізушісі Маралбек Сағынғанов кірді. Бас жүлде иесіне «Инвесторлар Альянсы» президенті Азаматхан Әміртай 1000000 теңге табыстады, ал финалға өткен жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар берілді.
Блогиада — Қазақ блогерлерінің жазба жарысы. Биыл алғаш рет өткен бұл жарысқа еліміздің ең мықты 31 блогері қатысты.
Блогиада ұраны — «Сапалы контентке — Миллион!»
Өту уақыты: 31 наурыз — 1 желтоқсан 2014.
Өту тәртібі: Әр апта берілген тақырыптарға блогерлер өз блогтарында жазба жазды. Блогиада әділ қазылары бұл жазбаларды техникалық және мазмұндық тұрғыда бағалады. Орташа бағалары бойынша рейтинг құралып, аптаның және айдың үздіктері жарияланып отырды. Әділ қазылар құрамы танымал ардагер блогерлерден құралды: Ерлан Оспан, Тимур Бектұр, Асхат Еркімбай, Назгүл Қожабекова, Нұрғиса Асылбеков

Бас жүлде: 1 миллион теңге (демеуші Азаматхан Әміртай/Инвесторлар альянсы)

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз