Қызылорда әуежайы халықаралық мәртебеге ие болды

102

0

Қызылорда әуежайы халықаралық мәртебеге ие болдыҚызылорда
әуежайына халықаралық мәртебе берілді. Жыл соңына дейін бірнеше халықаралық
рейстер ашылмақ. Бұл туралы Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және
автомобиль жолдары басқармасының басшысы Марат Бәйімбетов  баспасөз мәслихатында хабарлады. 

Бүгінгі
күні «Қорқыт
Ата» әуежайы арқылы аптасына 27 әуерейс жөнелтіледі, оның ішінде Астана
қаласына «Эйр Астана» әуекомпаниясының Embraer 190 ұшағымен – 7 рейс, Алматы
қаласына «Airbus» және Embraer – 190 ұшағымен – 12 рейс жасалады. «SKAT» әуекомпаниясының
«АН-24» ұшағымен Ақтау қаласына 2 рейс, Өскемен және Қарағанды қалаларына
аптасына 3 рейстен ұшады. Қазіргі жолаушылар терминалы сағатына 150 жолаушы
өткізсе, болашақта 500 жолаушыға дейін қызмет
көрсете алатын мүмкіндігі бар жаңа заманауи терминал жұмыс істейтін болады.  
– Бұрын
қызылордалықтар шет елге бару үшін Астана және Алматы қаласы арқылы ұшатын еді.
Бұл қаржы жағынан да, уақыт үнемдеу жағынан да тиімсіз болатын. Осыған
байланысты ҚР Үкіметіне Қызылорда әуежайына халықаралық дәрежесін беру және
заманауи сағатына 500 адамды жібере алатын «А» санатты жолаушылар терминалын
салу туралы ұсыныс жіберілді.  Ағымдағы
жылдың қазан айында әуежай халықаралық дәрежесін алды, жолаушылар терминалының
құрылысы басталып кетті,- деп хабарлады басқарма басшысы.
«Қорқыт
Ата» әуежайы АҚ бас директоры Сайлау Жаналин қазіргі уақытта AIR ASTANA, SKAT,
INVESTAVIA (Қазақстан), TRANSAVIA (Ресей), PEGASUS (Түркия), EST AIR
(Тәжікстан) және басқа да әуекомпаниялармен Бейжің, Стамбул, Мәскеу, Дубай қалаларына тікелей рейстер,
сонымен қатар болашақта чартерлік халықаралық рейстер ұйымдастыру бойынша
келіссөздер жүргізіліп жатқанын айтты.            
 Конференция
соңында Марат Бәйімбетов және «Қорқыт Ата» әуежайы АҚ бас директоры Сайлау
Жаналин журналистердің сұрақтарына жауап берді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз