ЖЭО мұржасының үйіндісінен жұмысшының мүрдесі табылды

55

0

ЖЭО мұржасының үйіндісінен жұмысшының мүрдесі табылдыБүгін сағат 3:45-те Оңтүстік өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағының кинологиялық есептобы Қызылорда қаласындағы ЖЭО-да мұржаны бұзу жұмыстарын жүргізіп қиранды астында қалған екінші жұмысшының мәйіті табылып, үйінді астынан аршылып алынды. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов хабарлады.
Еске сала кетсек, Қызылорда қаласында Жылу электр орталығының мұржасы құлап, екі жұмысшы зардап шеккен болатын.  «Бастапқы мәлімет бойынша, 14 мамырда сағат 19.00-де Қызылорда облысындағы ЖЭО-да мұржаны бұзу жұмыстарын жүргізу барысында, ол «Алтын ЛТД» ЖШС-ның екі жұмысшысының үстіне құлап кетті. Олардың бірі облыстық медицина орталығына жеткізілді, екіншісі қирандылар астында қалып отыр. Құтқару жұмыстары жалғасуда», – деп мәлімдеген еді Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.
Оның айтуынша, құтқару жұмыстарына Қызылорда облыстық ТЖД-ның, Оңтүстік өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағының, Қызылорда облыстық ТЖД-ның өртке қарсы және апаттық-құтқару қызметтерінің мамандары мен техникалары жұмылдырылған. Құтқару жұмыстарына 60 адам, оннан астам техника мен екі кинологиялық есептоп жұмылдырылған.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз