Қызылорда – Жезқазған жолын салу кейінге қалдырылды

57

0

Қызылорда - Жезқазған жолын салу кейінге қалдырылды ҚР Инвестициялар және даму министр Жеңіс Қасымбектің айтуынша, «Жезқазқан – Қызылорда» тас жолының құрылысы келесі жылға шегерілді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Аталған жол бойынша біз былтыр ақпарат бергенбіз. Үстіміздегі жылдың соңында тиісті жұмысты бастаймыз деген жоспар болған. Осы жоба бойынша Еуропа даму банкімен келіссөздер өткізгенбіз. Сосын Үкіметте бір-екі рет осы мәселені көтерілген. Облыс әкімідігі де талай рет көтерді. Бірақ биылғы жылда қаражат бөлінген жоқ. Оны келесі жылға қалдырып отырмыз», – деді Жеңіс Қасымбек Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз мәслиxатында.
Оның айтуынша, Үстіміздегі жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жалпы ұзындығы 4,4 мың шақырым жолдарда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Соның ішінде жаңадан салынатын жолдар да бар. «Бәріңіз жақсы білесіздер, орталық пен батысты, орталық пен шығысты, оңтүстікті қосамыз. Сондай-ақ Алматы-Талдықорған, ары қарай Өскеменге баратын жол, Ақтөбеден Астраxаньға баратын жол, Ақтауға баратын жол, Оралға. Жалпы, биыл жол құрылысына 100 мың адам қатысады деген жоспар бар», – деп атап көрсетті министр.
Айта кетейік, Үкіметтің бүгінгі отырысында «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстар қаралды. Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев бюджет қаржысын уақытында игермеген облыс әкімдерін бір «сілкіп» алды. Сосын қаржы министрі Бақыт Сұлтановқа шүйлікті. Отырыстан кейінгі баспасөз мәслиxатында Бақыт Тұрлыxанұлы Үкімет басшысының сынына жауап берді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз