Қызылорда-Жезқазған жолындағы құрылыс мерзімі нақтыланды

48

0

Парламент Сенатының жалпы отырысында ҚР Ивестициялар және даму министрлігі көптен бері талқыланып жүрген Қызылорда мен Жезқазған жолында құрылыс жұмыстары қашан басталатынын хабарлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қызылорда мен Жезқазған арасындағы жолдың стратегиялық маңызы бар және оны жақсы білесіз. Осыдан екі жыл бұрын жолдағы құрылыс жұмыстары 2017 жылы басталады деп айтылған еді. Енді осы жұмыстар қай кезде басталады және қашан аяқталады?», – деп сұрады депутат Мұрат Бақтиярұлы. Өз кезегінде ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек аталған жолда қайта жаңарту ведомствоның жоспарында бар екенін айта келе: «Қазір қаражат мүмкіндігіне байланысты біз ол жолды 2018-2019 жылдарға жоспарлап отырмыз», – деді. Бұдан бұрын хабарланғандай, өткен жылы халықпен есептік кездесуі барысында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек «Қызылорда-Жезқазған» жаңа жолы 2021 жылы пайдалануға берілетінін мәлім еткен еді.  Атап айтқанда, бұл жол учаскесін салу жұмыстарына 3 жыл кететіні хабарланды.
Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (ОАӨЭЫ 1 және 6-дәліздерін қосатын «Ақтөбе-Мақат» автомобиль жолын реконструкциялау жөніндегі жоба) ратификациялау туралы» заң жобасы талқыланып, палата депутаттары құжатты қабылдады.    
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз