Қызылорда жол-көлік оқиғасының құрбандарын еске алады

95

0

Қызылорда жол-көлік оқиғасының құрбандарын еске аладыЖыл сайын дүниежүзінде 1 миллионнан астам адам
жол-көлік апаты салдарынан көз жұмып, тағы милионнан астамы  мүгедектікке алып келетін әр түрлі деңгейдегі
дене жарақаттарын алып жатқаны белгілі. Қазақстанда жыл сайын 3000-нан астам
адам қаза тауып, тағы 17 мыңға жуығы – жарақат алады екен. Оның ішінде жастардың
және кәмелет жасына жетпеген бүлдіршіндердің қаза табуы мен жарақат алуы жиі
орын алады. 

Осыған орай, 2005 жылдың
26 қазанында БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының бастамасымен  қарашаның үшінші жексенбісі жол-көлік
оқиғасының құрбандарын Дүниежүзілік еске алу күні болып бекітілді. Аталмыш күн
аясында Қызылорда облыстық Ішкі істер департаментінің ұйымдастыруымен қараша
айының 10-16 күндері аралығында «Жол
жүрісі қауіпсіздігі апталығы»  республикалық
акциясы өткізіледі. Бұл акцияның
мақсаты – жол-көлік оқиғасында көз жұмғандарды еске алу және ауыр қазаға
ұшыраған отбасылардың қайғысына ортақтасу, өзара сыйластық, жолда қауіпсіздік
ережесін сақтау, жүргізушілердің мәдениетін арттыру тұрғысынан жол қозғалысы
қатысушыларының санасын өзгертуде әлеуетті қоғамдық қолдау көрсету болып
табылады.
Акция аясында біршама
іс-шаралар өткізіледі. Атап айтсақ:

 1. Автомектепте дәріс алып жатқан үйренушілер арасында көлік
жүргізуден сайыс өткізіледі; 
 2.  «Еске алу аллеясына» жол-көлік оқиғасында көз жұмған
жандарды еске алып, құрмет көрсету мақсатында  тал отырғызу шарасы болады;
 3.  Жол-көлік оқиғасында зардап
шеккен автокөліктердің қалдықтарын тиеген автоэвакуаторлар  мен  қара жеңіл автокөліктерден құралған «Қара
толқын» атты автокеруені өтеді;
 4.  Дыбыс күшейткіш құралдары
арқылы жол-көлік апатының құрбандары жайлы статистикалық мәліметтер  беріліп, жолда жүру ережесін қатаң сақтауға
шақыратын ақыл-кеңестер, ұранды сөздер айтылатын облыс орталығының халық көп
шоғырланатын жолдармен автокөліктер өтеді.
 5.  Шара соңында орталық алаңда
жол-көлік апатының құрбандарын еске алу мақсатында ақ-қара шарларды аспанға ұшыру
рәсімі өтеді деп  жоспарлануда.
 Акция
қараша айының 16-на дейін жалғасады, деп хабарлайды Қызылорда
ОІІД баспасөз қызметі.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз