Қызылорда жыл басынан 5 сервистік-дайындау орталығы жұмыс атқарған

45

0

Қызылорда жыл басынан 5 сервистік-дайындау орталығы жұмыс атқарғанТұтастай Қызылорда облысы бойынша 1-тоқсанында 219190,0 мың теңге
жарғылық капиталдары және 63 адам қызметкерлері бар 5 сервистік-дайындау
орталығы жұмыс атқарған. Бұл туралы облыстық статистика департаментінен
хабарлады.
    Сервистік-дайындау орталықтарының құрамына 5 ауылдық өндірістік
кооперативтері, 3 ауыл шаруашылығы кәсіпорындары және 1 өзге де
қатысушылар кіреді.
    2016 жылғы қаңтар-наурызда сервистік-дайындау орталықтарымен 141497,0 мың теңгеге өнім өндіріліп және қызмет көрсетілді.
    Атап айтқанда, мұздатылған балық өндірісі – 31751,0 мың теңге,
мұздатылған балық жон етінің өндірісі – 109350,0 мың теңге және ауыл
шаруашылығы машиналары мен жабдықтарын жалға беру бойынша қызметтер –
396,0 мың теңге және мұздатылған балықты сақтау бойынша қызметтер –
550,0 мың теңге.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз