Қызылордаға биыл 92 жаңа қоғамдық көлік алынады

43

0

Қызылордаға биыл 92 жаңа қоғамдық көлік алынадыҚызылордада 10 жаңа автобус пайдалануға берілді. Бұл көліктер №18
бағытта халыққа қызмет көрсетеді, деп хабарлайды облыс әкімдігінің
баспасөз қызметі.

Биыл
Еуропалық қайта құру және даму банкі арқылы Қызылордаға 92 жаңа автобус
келеді. Қоғамдық көліктердің ендігі қалғаны жақын арада жеткізілетін
болады.

Соңғы үлгідегі жаңа қоғамдық көліктер сұранысқа
сай. Іші кең әрі жайлы. Сыйымдылығы 78 адамды тасымалдауға дейін жетеді.
Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қолайлы жағдай жасалған.

Бұл облыс әкімдігі мен «Байқоңыр»
әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы және «Еуропалық қайта құру және
даму» банкі арасындағы келісімге сәйкес жүзеге асып отыр.

Автобустардың барлығы кешенді техникалық тексеруден
өткен. Облыс орталығындағы жолдарда жүруге өте ыңғайлы. Айта кетейік,
автобус экологиялық таза отын, газбен жүреді. Ол үшін арнайы газ құю
бекеті салынды. Жолаушыларға қызмет көрсетушілер бірыңғай киім киеді.
Бастысы, қызмет көрсетушілердің мәдениеттілігі ескерілген. Сондай-ақ,
автобустарға GPS орнатылып, арақашықтықтың сақталуы қатаң бақыланады.
Жаңа қоғамдық көліктердің барлығында бейнекамера бар.

Бүгінде облыс орталығында 31 бағытта 700-ден астам
қоғамдық көлік қызмет көрсетеді. Жаңа автобустар кіші сыйымдылықтағы
көліктердің санын азайтып, қоғамдық транспорт мәселесін шешуге мүмкіндік
береді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз