Қызылордаға шайбалы хоккейден жаттықтырушы келді

46

0

Қызылордаға  шайбалы хоккейден жаттықтырушы келді Қызылорда. Облыс орталығындағы «Мұз айдыны» спорт кешенінде шайбалы хоккейден бөлімше ашылды. Оған хоккейдің қыр-сырын білікті бапкер Талғат Тұрсынбекұлы Әкімжанов жетекшілік жасайды. 
Т.Әкімжанов Шығыс Қазақстан облысының тумасы. 2006-2008 жылдары Алматы қаласының «Достық», 2009-2011 жылдары Астана қаласының «Барыс», 2011-2013 жылдары Ақтау қаласының «Каспий»  және «Мұнайшы»  хоккей клубтарында аға  жаттықтырушы қызметтерін атқарған. Т;Әкімжанов шайбалы хоккейден ҚР спорт шебері. 1989 жылы жасөспірімдер арасында КСРО чемпионы, 1991 жылы жасөспірімдер арасында ТМД елдерінің чемпионы, 1992-1994 жылдарда Өскемен қаласының «Торпедо-2», 1999-2004 жылдарда Астана қаласының «Барыс» шебер командасында ойын көрсеткен.  Ол ересектер арасында Қазақстан чемпионатының 2 дүркін күміс жүлдегері атанған. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз