Қызылордаға сыйымдылығы жоғары 40 автобус әкелінеді

42

0

Қызылордаға сыйымдылығы жоғары 40 автобус әкелінедіШілденің соңына шейін Қызылордаға сыйымдылығы жоғары 40 автобус
әкелінеді. Бұл туралы бүгін «Сыр Медиа» ЖШС жанындағы облыстық
коммуникация орталығының брифингінде «Қызылорда автобус паркі» ЖШС-ның
директоры Әнуар Нақып мәлім етті.

Облыс әкімдігінің баспасөз
қызметінің хабарлауынша, 1 шілдеден басап қоғамдық көліктерде жолақы
қымбаттаған. Қала әкімінің орынбасары Асылбек Шәменовтың айтуынша,
тарифтің өзгеруіне жанар-жағармай мен жабдықтау өнімдері бағасының
жоғарылауы себеп болды.

-Қазір қалада жүрген автобустардың көбінің
сыйымдылығы төмен. Басым бөлігі ескірген. Жолаушылар тасымалы сапасын
жақсарту мақсатында қоғамдық көліктер қатарын негізінен үлкен
сыйымдылықтағымен толықтыруға көңіл бөлініп отыр. Қызылорда облысының
әкімдігі, «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы, Еуропалық
қайта құру және даму банкімен арадағы келісімшартқа байланысты күні
бүгінге дейін осындай 30 автобус алынды. Шілденің соңына дейін тағы 40
автобус әкелінеді деген жоспар бар, – деді автопарк директоры.

Қазіргі күні облыс орталығында 25 қалалық және қала
сыртына қатынайтын 6 бағытта барлығы 840 автобус және микроавтобус екі
ауысым бойынша жұмыс істеуде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз