Қызылордаға “Wi-Fi Bus” келді

60

0

Бүгінде
интернетті қолдану кең көлемде қарқын алды. Оны тиімді пайдаланудың сан түрлі
жолдары да қарастырылған. Енді қоғамдық көлікте де отырып, интернетке тегін
қосылып, кез келген әлеуметтік желіні іске асыруға болады. Осы орайда Beeline
Қазақстан компаниясы елі­міз­дің біршама өңірлерінде «Wi-Fi Bus” республикалық
жобасын бастап, оны одан әрі жалғастыруда. Жоба аясында аталмыш компания
өкілдері Сыр елінде болып, журналистерге арнап дөңгелек үстел өткізді.

Шарада
компания директоры Алексей Бендзь сөз алып, 
ұйымдастырылып отырған әлеу­меттік жобаның  маңыздылығына кеңінен тоқ­талып, осы негізде
атқарылып жатқан жұмыстар барысымен таныстырды.

Бүгінде интернетке деген сұраныс жоғары. Біздің компания республикалық жобаны
ал­ғаш­қы іске асырушы болып табылады. Бұл жоба арқылы адамдар кез келген
жердегі жо­ғары жылдамдықты мобильді интернетке қо­сыла алады, – деді.
Осы
ретте қаладағы №18 маршрут тегін интернетке қосылды. Осы бағыттағы 20 қоғам­дық
көлікте интернет желісі бар. Алдағы уақытта жаңа көліктер пайдалануға беріледі.
Олар да жоба негізінде жоғары жылдамдықты мобильді интернетпен қамтылады.
«Wi-Fi Bus” республикалық жобасына Қы­зылорда қаласы
жетінші болып тіркелді. Қазіргі кезде еліміздің түкпір-түкпірінде 140-тан астам
қоғамдық көлік тегін интернет желі­сіне қосылған. Жобаны сынақтық тәртіпте ал­ғашқы
болып Петропавл қаласы бастап, нәтижесі жемісті болған соң, еліміздің барлық
қаласында жүзеге асыру көзделіп отыр. 
Шара соңында қатысушылар қоғамдық көлікке отырып,
интернет желісіне қосылды.  
 
Сара ҚОРҒАНБАЙҚЫЗЫ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз