Қызылордаға жүрдек пойыз қатынайды

48

0

Қызылордаға жүрдек пойыз қатынайдыАстана. Алдағы жылы Қазақстанда бес жүрдек теміржол бағытын іске қосу жоспарланып отыр. Бұл жөнінде Көлік және коммуникация министрілігінің баспасөз қызметі бұқаралық ақпарат құралдарына хабарлады.
Ведомство мәлімдемесінде «2014 жылы Астана – Қызылорда, Алматы – Ақтөбе, Алматы – Защита, Астана – Защита және Алматы – Ташкент бағыттарында жүрдек пойыздарды іске қосу жоспарланғаны айтылған. Аталған бағыттардың ашылуы осы өңірлердегі жолаушылар тасымалына деген жоғары сұранысты қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ әр бағыт бойынша жол жүру уақыты орташа есеппен 1,5-2 есеге дейін қысқармақ» делінген. Қазіргі таңда Астанадан Қызылордаға жолаушылар қазіргідей бір жарыс тәулікте емес бір тәуліктің ішінде жететін болады. Астана-Защита жүрдек пойызы болса Павлодар станциясына аялдайтын болады. Ағымдағы жылы Алматы – Атырау, Астана – Атырау және Астана – Семей бағыттарында жаңа жүрдек пойыздарының іске қосылғанын айтып өту керек. Аталған бағыттар бойынша жол жүру уақыты екі есеге дейін қысқартылды. Барлық пойыздар 27 «Тальго» вагондарынан құралған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз