Қызылордада 1 млрд. теңгелік 3 жоба іске қосылды

49

0

Қызылордада 1 млрд. теңгелік 3 жоба іске қосылдыБұл жөнінде қалалық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен  БАҚ-на арналған баспасөз турында қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Қожахмет Ілиясов айтты.
Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімінің хабарлауынша, индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы бойынша жалпы құны 1 млрд.теңгені құрайтын 3 жоба іске қосылып, жаңадан 56 жұмыс орны ашылды. Олардың бірі – «Хуа Ю интернационал в г.Кызылорде» ЖШС-нің «Химиялық реагенттер өндірісі» жобасы. Оның құны 500 млн. теңге. Жаңадан 24 адам жұмыспен қамтылды. Сондай-ақ, «Досболов» ЖК «Гигиеналық қағаз шығаратын цехтың құрылысы» жобасына 10 млн. теңге жұмсалып, жаңадан 8 адам жұмыспен қамтылды. Ал «Smart Rubber» ЖШС-нің «Жарамсыз автокөлік балондарын өңдеу арқылы резеңке ұнтағын және жер асты трубаларын шығару» жобасына 500 млн теңге жұсалып, жаңадан 24 адам жұмыспен қамтылды. 
Сонымен қатар, 2014 жылдың аяғына дейін жалпы құны 3,1 млрд. теңгені құрайтын 8 жобаның іске қосылуы жоспарлануда. Жобалар іске қосылғанда жаңадан 251 жұмыс орны ашылады. Осы ретте, БАҚ өкілдері  «Хуа Ю интернационал в г.Кызылорде» ЖШС-нің «Химиялық реагенттер өндірісі» жобасының жүзеге асырылу барысымен және жыл ішінде іске қосылатын «Жан Арай Жем» ЖШС-нің «Қуаттылығы тәулігіне 80 тонна құрама жем зауыты» жобасының құрылысымен танысты. Жобаның құны – 375,9 млн. теңгені құрайды. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз