
Бұған қоса, қалалық әкімдіктің ақпаратынша, 31 көшеде заманауи жарық жүйесі қалпына келтірілсе, қаланың түрлі аудандарында 37 типті балалар ойын алаңы орнатылған.
«Әлеуметтік маңызы бар көптеген жобалар аяқталды. Мысалға, күрделі жөндеуден кейін 18 білім нысаны пайдалануға берілді, қазіргі заман талабына сай перинаталды орталық салынып бітті», – дейді қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Балдырған Мәмен.
Сондай-ақ Қызылордада барлық 3 қалалық мәдениет үйі де күрделі жөндеуден өтуде.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!