Қызылордада 11 айда 12 адамда АИТВ инфекциясы анықталды

44

0

Қызылордада 11 айда 12 адамда АИТВ инфекциясы анықталдыДүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясы аясында  ЖИТС-тің алдын
алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықта «АИТВ/ЖИТС-тің
өзекті мәселелері» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті.

Баспасөз мәслихатының мақсаты мен міндеті: бұқаралық ақпарат құралдары 
арқылы АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу, сақтану шараларын жастар мен
жасөспірімдер, халық арасында кеңінен насихаттау. Салауатты өмір салтын
насихаттау, АИТВ (ВИЧ) жұқтыруға кедергі келтіретін мінез құлық
стереотипін қалыптастыру.
Бүгінгі күні республика бойынша өсу үрдісімен алғанда ВИЧ жұқтырып
тіркелгендер саны 24269 адамды құрап отыр. Қызылорда облысында ВИЧ/СПИД
оқиғасы анықталған сәттен бері 87 адам тіркеліп отыр. Үстіміздегі жылдың
11 айында 12 адамнан АИТВ инфекциясы анықталды. Оның 9-ы (77%) ер адам,
3-і (22,3%) әйелдер, 2-і жүкті әйел.  Жұғу жолдары бойынша 8-ы (66,6%)
жыныстық қатынас арқылы, 3-і (25%) иньекциялық есірткі тұтынушылар, 1-і
(8,3%) ерлермен жыныстық қатынас жасайтын ерлер арасында анықталып отыр.
 
мәселелер қатарынан шығып, экономикалық әлеуметтік проблемаға айналды.
Қатерлі кеселге қарсы тұрі үшін зиянды әрекеттерден аулақ болу,
салауатты өмір салтын қолдап, оның таралуын шектеуге бір кісідей жұмыла
жұмыс жасауымыз керек.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз