Қызылордада 14 көше жарықтандырылады

70

0

Қызылордада 14 көше жарықтандырыладыБиылғы жылы Қызылорда қаласында облыстық бюджеттен бөлінген 188 млн теңгеге қала аумағындағы 14 көшенің 17,3 шақырымы түнгі жарықпен қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметінен.

2015 жылға қалалық бюджеттен қала көшелерін орташа және ағымдағы жөндеуге 270 млн теңге бөлінді. Аталмыш қаржыға жалпы ұзындығы 9,3 шақырым құрайтын 16 көшеге орташа жол жөндеу жұмыстары және 40 көшеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Сонымен қатар қаланың шет аймақтарының инфрақұрылымын жаңғырту мақсатында С.Торайғыров көшесіне ұзындығы 4,8 шақырымды құрайтын (Қорқыт Ата көшесінен Хон Бен До көшесіне дейін аралығында) О.Сүлейменов көшесіне ұзындығы 1,5 шақырым құрайтын (Шымбай көшесінен Айтбаев көшесіне дейін) қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз