Қызылордада 15 мектеп күрделі жөндеуден өтуде

77

0

Қызылордада 15 мектеп күрделі жөндеуден өтудеҮстіміздегі жылы қалада 15 мектеп, 2 балабақша және Оқушылар сарайы күрделі жөндеуден өткізілуде. Бұл мақсатқа республикалық және жергілікті бюджеттерден 674 млн. теңге бөлінді.
Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімінің хабарлауынша, дүйсенбіде өткізілген баспасөз турында БАҚ өкілдері Қызылорда қаласына қарасты Тасбөгет кентінде жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты. Биыл Тасбөгетте «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасының І бағыты бойынша №11 және №176 мектептерде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 
№11 орта мектептегі жұмыстарды «Малика ИКБ» ЖШС-і жүргізуде. Бөлінген қаржы 66 млн. теңгені құрайды. Жөндеу жұмыстары маусым айында басталып, тамыз айының соңында бітеді деп жоспарлануда. Аталған мектеп 1976 жылы салынып, 1978 жылы берілген. Осы уақытқа дейін мектепте күрделі жұмыстар жүргізілмеген. Қазіргі таңда мектептегі барлық терезелер ауыстырылып, едендерге жаңа төсеніштер (линолеум) төселуде. Жөндеу жұмыстарына 37 адам тартылған.  Сондай-ақ осы бағыттағы жұмыстар №176 мектепте де атқарылуда. Аталған жұмысты «Алтын Айжарлы» ЖШС-і жасауда. Бөлінген қаржы 22 млн. теңгені құрайды. Күрделі жөндеуді тамыз айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Қазіргі таңда мердігер мекеме мектепте сылақ, бояу, еден төсеніштерін (линолеум) ауыстыру жұмыстарын жүргізуде. Аталған жұмыстарға 25 адам тартылды. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз