Қызылордада 23 жастағы әйелді баласымен атып кеткен күдікті ұсталды

49

0

Қызылордада 23 жастағы әйелді баласымен атып кеткен күдікті ұсталды Қызылордалық полицейлер мылтықпен әйел адамды, 1 жастағы сәбиімен атып
өлтіріп, қашып кеткен күдіктіні қолға түсірді, деп хабарлады ОІІД
баспасөз қызметінен.

«Үстіміздегі жылдың 13 маусымында кешкі сағат
19.00 шамасында келіп түскен хабарлама бойынша оқиға орнына жедел-тергеу
тобы жіберіліп, 1992 жылы туылған азаматша мен оның қызын отбасылық
жанжалдан кейін 1955 жылы туылған Ж.А. есімді азамат атыс қаруымен
атқанын анықтады», делінген хабарламада.

Осыдан кейін күдікті
«Ауди-80» маркалы автокөлігімен оқиға орнынан қашып кеткен. Нәтижесінде,
23 жастағы әйел ауыр жарақаттан ауруханаға барар жолда қайтыс болса, 1
жасар сәби облыстық медицина орталығының «жансақтау» бөлімінде көз
жұмған.

Күдікті азаматтың бағыты бейнебақылау
камераларының көмегі бойынша анықталып, жедел түрде полиция
қызметкерлері оны Жүнісов көшесінен ұстады. Айғақ зат ретінде қос ұңғылы
16 калибрлі аңшы мылтығы алынды.

Қазіргі таңда ұсталған күдікті Қызылорда
ҚІІБ-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған оқиға бойынша ҚР ҚК
99-бабының 2-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу
амалдары жүргізілуде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз