Қызылордада 232 пәтер пайдалануға берілді

47

0

Қызылордада 232 пәтер пайдалануға берілдіАстана күніне орай 5 шілдеде Қызылордада 232 пәтер пайдалануға берілді. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев жаңа қоныс иелерін құттықтап, салтанатты түрде пәтер кілтін табыстады. 
Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, барлығы 8 көпқабатты үй пайдалануға берілді. Оның 6-уы (132 пәтер) тұрғын үй қорына кезекте тұрған отбасыларына (Ұлы Отан соғысы ардагерлері, көпбалалы отбасылар, жетім балалар т.б.), 2-еуі (100 пәтер) жас отбасыларға берілді. Аймақ басшысы Астананың 16 жылдығына орай 16 үйдің кілтін өз қолымен салтанатты түрде табыстады.
Жаңа қоныс иелерінің қуанышында шек жоқ. «Елорда өсіп-өркендеп, қала ажарлана түссін» деп жылы лебіздерін білдірді. Өңір басшысы барша тұрғындарды мерекелерімен құттықтап, аймақты дамытуда үлкен жобалар жүзеге асатынын жеткізді. Жыл соңына дейін республикалық және жергілікті бюджеттерден бөлінген 5 млрд. 257 млн. теңгеге 24 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, оның 22-сі пайдаланылуға беріледі. Жалпы  биыл 750 отбасы қоныс тойын тойлайтын болады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз