Қызылордада 24 инвестициялық жоба жүзеге асады

81

0

Қызылордада 24 инвестициялық жоба жүзеге асадыИндустрияландыру картасы аясында өңірде жалпы құны 185 млрд. теңгені
құрайтын 24 жоба іске асырылып жатыр. Жобаларды жүзеге асыру барысында, яғни
құрылыс кезінде 3066 жұмыс орны ашылды. Ал жобалар жүзеге асқанда 20618 жаңа
жұмыс орны ашылады. Бүгінде өңірлік индустрияландыру картасына енгізілген 23
жобаның 15-і іске асып, 800-ден астам жаңа жұмыс орны ашылды. Бұл жобалар өңдеу
өнеркәсібінде өндірілген өнімнің өсімін қамтамасыз етті. Қазір жобалардың
барлығы толық қуаттылығында жұмыс жасай алатындықтарын аңғартып отыр.

«Тек шыны зауытының жұмысы таңдалған технологияның біздің көңілімізден
шықпағандықтан ұзаққа созылды. Зауытты салуға инвестор ретінде ирандық «Kaveh
Glass Industry» компаниясы таңдалды. Жобаның жалпы құны 283,9 млн. АҚШ доллары.
Жүзеге асырылу мерзімі 2014-2016 жылдар аралығы. Нысан іске қосылғанда 300 жаңа
жұмыс орны ашылады», –  деді Қызылорда
облысының әкімі Қ.Көшербаев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар
қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Зауыттың құрылысы желтоқсан айында басталады. Зауыт іске қосылған уақытта
Қызылордада еуропалық стандарттағы қуатты үнемдейтін шыны шығарылатын болады.
Қарапайым тілмен айтқанда, күнделікті өздеріңіз ұстап жүрген «айфон», «айпад»
секілді ұялы телефондарының шынылары осында жасалады. Дайындалған өнім
республиканың өзге өңірлерінің аумағын қамтамасыз етіп, Кедендік Одақ пен
Орталық Азия елдерінде экспортталады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз