Қызылордада 270 пәтерлік 5 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді

41

0

Қызылордада 270 пәтерлік 5 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі
күні мерекесі қарсаңында облыс орталығынан бой көтерген жаңа мөлтек
ауданында 5 көпқабатты үй пайдалануға беріліп, тұрғындарға кілттері
тапсырылды. 
Салтанатты шараға қатысқан облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қоныс иелерін қуаныштарымен құттықтап, жылы лебізін жеткізді. 

Баспана алу әрбір отбасы үшін үлкен қуаныш. Сондықтан қоныс тойларыңыз
құтты болсын. Біз де қуаныштарыңызға ортақпыз. 2015 жылы 54 көпқабатты
үй салып, пайдалануға берген болатынбыз. Ал быил 67 тұрғын үй салуды
жоспарлап отырмыз. Сонда екі жылдың ішінде үй кезегінде тұрған
азаматтардың 24 пайызы баспаналы болады, – деді облыс әкімі Қырымбек
Көшербаев. 
Мына
жаңа мөлтек ауданда «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ арқылы 640 пәтерлік 12
көпқабатты тұрғын үй құрылысы жүргізілді. Оның ішінде 370 пәтерді
құрайтын 7 үй өткен жылы пайдалануға берілген. 

Мен бүгінгі қуанышымды айтып жеткізе алар емеспін. Пәтер алу қашаннан
арманымыз болатын. Осы игі істің басында жүрген барлық азаматтарға
алғысымыз шексіз. Қоныс тойларыңыз құтты болсын, – дейді жаңа пәтер иесі
Бахыт Насырова.   
Қызылордада
тұрғын үй құрылысы жыл санап артып келеді. Өткен жылы 2684 отбасы
баспаналы болса, 2016 жылы 3329 жанұя пәтер кілтін алады. 
Бүгін үйлі болғандардың көбісі мұғалімдер мен дәрігерлер және мемлекеттік қызметкерлер.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз