ҚЫЗЫЛОРДАДА 280 ОРЫНДЫҚ БАЛАБАҚША АШЫЛДЫ

43

0

ҚЫЗЫЛОРДАДА 280 ОРЫНДЫҚ БАЛАБАҚША АШЫЛДЫЕл Президенті Н.Әбішұлы әркез білім
мен ғылымның дамуына аса мән беріп, жаңа ғылым-білімді игеруді, жаңа
машықтар алуды, білім мен технологияны күнделікті өмірде шебер де тиімді
пайдалануды тілге тиек етіп жүр. Бұл үшін елімізде барлық мүмкіндіктер
қолға алынып, қажетті жағдай жасалған. Бүгінгі жас ұрпақ – ертеңгі
болашақ. Сондықтан соңғы буынның сапалы біліммен қамтылуы бәрінен
маңызды. 
Конституциясы
қарсаңында Қызылорда облысы әкімі Қ.Көшербаев қалада 280 орындық
балабақшаның ашылу салтанатына қатысты. Айта кетейік, қаламыздың көрікті
ауданынан жаңадан берілгелі тұрған 280 орындық балабақша ғимараты соңғы
үлгіге сәйкес балалардың жарық та кең, жаңа технологиялармен
жабдықталған бөлмелерде тәрбие алуына ыңғайластырып салынған. «Нұрлы
жол» бағдарламасы аясында 280 орындық жаңа балабақша құрылысына
республикалық бюджеттен 525 млн. теңге бөлініп, алтын қалақ құрылысшылар
еңбегі арқасында мерзімінде пайдалануға берілуде. 

Елбасы, Тәуелсіз еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев «Әрбір халық өзінің болашағын өскелең ұрпақпен байланыстырады»
деген болатын. Ал, ежелгі грек философы Платон «Бала тәрбиесі –
мемлекеттің маңызды міндеті» деп бұдан бірнеше ғасыр бұрын айтқан
болатын. Бүгін барша қызылордалықтар үшін ерекше күн деп білемін. Жаңа
оқу жылында қаламызда тағы да бір балабақша ғимараты пайдалануға беріліп
отыр. Мақсатты жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде Қызылорда қаласы
бойынша «Балапан» бағдарламасы аясында 3 пен 6 жас аралығындағы балалар
 мектепке дейінгі тәрбиемен 100 пайыз қамтылған,- деді облыс әкімі
Қ.Көшербаев. 
Жалпы
Қызылорда қаласында Мемлекет басшысының бастамасымен өңірлерді дамыту
мақсатында қолға алынған «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында ұлттық қор
есебінен Тасбөгет кентінде 300 орындық жаңа мектептің құрылысы,
«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы аясында 6 мектеп, 1 балабақшаға
күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 
Мұнымен
қоса, мереке аясында Шиелі бағытындағы қаланың кіреберіс қақпасы
пайдалануға берілмек. Сондай-ақ, аймақ басшысы қайта жаңғыртудан өткен
«Нұр Отан» партиясының Қызылорда облыстық филиалының ғимаратының
жұмысымен танысты.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз