Қызылордада 3000 адамға арналған жабық футбол алаңы ашылады

32

0

Қызылордада 3000 адамға арналған жабық футбол алаңы ашыладыБиылғы жылы Қызылорда облысының орталығында ауқымды спорттық нысандар
құрылысы жүргізіледі. Бұл туралы облыстық коммуникациялар орталығының
брифингінде қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Асылжан
Жаманқұл айтып берді.

Жақында 3000 орынға арналған жабық футбол алаңы
мен Илья Ильин атындағы ауыр атлетика кешені ашылады. Байдарка мен
каноэде ескек есу сияқты спорт түрлерін дамыту жалғасады. Әл-Фараби
шағын ауданында 320 орындық спорттық-сауықтыру кешені, басқа да спорттық
құрылымдар салынады. Сондай-ақ, брифингте Сыр спортшыларының
жетістіктері туралы да айтылды.

– Өткен жылы президенттік тестке 77 мыңнан астам
адам тартылды. 56 қалалық, 66 облыстық жарыс, 31 оқу-жаттығу жиыны
өткізілді, – деді Асылжан Жаманқұл.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз