
Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі облыстық ІІД сілтеме жасап хабарлады. Шара барысында полиция қызметкерлерімен арнайы рейдтік жұмыстар жүргізіліп, қару-жарақтардың иелері тексерілді. Нәтижесінде іс-шараның бір күнінде 32 заң бұзушылық анықталып, ішкі істер органдарында тіркелмеген 4 қару тәркіленді. Сонымен қатар, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 484-бабы бойынша, азаматтық қаруды, оның патрондарын иелену, беру, есепке алу, сақтау, пайдалану немесе тасымалдау қағидаларын бұзғаны үшін 17 қару иесіне, ҚР ӘҚБтК-нің 486-бабы бойынша азаматтық қаруды тіркеу (қайта тіркеу) не оны есепке қою тәртібін бұзғаны үшін 11 қару иесіне әкімшілік хаттама толтырылды.
«Осыған сәйкес, Қызылорда ОІІД Әкімшілік полиция басқармасы барлық қару иелерін Қазақстан Республикасының заңнамаларында көрсетілген талаптарды қатаң сақтауларын сұрайды», – делінген ІІД-нің таратылған хабарламасында.