Қызылордада 343 азамат «бизнес-кеңесші» курсынан өтті

39

0

Қызылордада 343 азамат «бизнес-кеңесші» курсынан өттіБұл туралы Кәсіпкерлер палатасының бизнес-тренері Бауыржан Қыдырбекұлы айтты.
    
«Бизнес-кеңесші» оқуы аясында ісін бастаймын
деген азаматтар кәсіпкерліктің алғашқы әліппесімен танысады. «Кәсібін
қалай құру керек?», «Нарықты қалай зерттеуге болады?», «Жаңадан кәсіппен
айналысушы азаматтарға мемлекет қандай жәрдем бере алады, яғни қандай
мемлекеттік бағдарламалар бар?» міне осы сұрақтарға жауап ала алады.
Қазір қызылордалықтар арасында бағдарламаның әлеуетін қолданушылар
қатары күн өткен сайын артуда. Мәселен, біз жыл ішінде 800-ге жуық
азаматты аталмыш оқу курсы бойынша оқытамыз деп жоспарлаған болатынбыз.
Бүгінгі күнге дейін 343 қызылордалық біліктілігін жетілдіріп болды. Оның
231-і ауыл тұрғындары. Бұл 2 айдың ғана нәтижесі», – дейді
бизнес-тренер.
    Назарларыңызға «Бизнес-кеңесші» оқу курсының Қызылорда қаласы мен аудандарда өткізілу кестесін ұсынамыз:
    20-21 сәуір – Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі, 28;
    27-28 сәуір – Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі, 28;
    3-4 мамыр – Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі, 28;
    17-18 мамыр –Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті,Жанқожа к., 147 в;
    19-20 мамыр – Арал ауданы, Арал қаласы, Бақтыбай батыр көшесі, 46;
    24-25 мамыр – Шиелі ауданы, Шиелі кенті, Рысқұлов көшесі, 5;
    26-27 мамыр – Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі, 28;
    1-2 маусым – Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі, 28;
    6-7 маусым – Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Рысқұлов к-сі, 8;
    15-16 маусым – Арал ауданы, Арал қаласы, Бақтыбай батыр көшесі, 46, Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі, 28;
    29-30 маусым – Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті, Қонаев к, 12.
    Айта кету керек, оқу курсы 2 күн, ақысыз негізде өткізіледі.
    Қызылорда облысының  кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз