Қызылордада 35 сотталушы колледж дипломын алды

40

0

Қызылордада 35 сотталушы колледж дипломын алдыҚызылордадағы ЗК-169/5 мекемесіндегі кәсіптік-техникалық колледжін
бітірушілерге диплом табыс етуге арналған салтанатты іс-шара өткізілді.
Бұл туралы Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті
хабарлады.

«Абақтыға түскендердің жеке тұлға ретінде қалыптасуына
жағдай жасау, олардың білім алуына мүмкіндік тудыру, жазалау мерзімі
аяқталғанша қандайда бір мамандыққа баулудың маңызы зор.  Осы себепті,
биылғы жылы Қызылорда политехникалық колледжінде газ-электр дәнекерлеуші
мамандығы бойынша 14 сотталған азамат және Қызылорда құрылыс және
бизнес колледжінде ағаш шебері мамандығы бойынша 21 сотталған азамат
диплом алды», дейді Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі
департаментінің басысы ғанибек Отарбаев.

Мерекелік шараға қатысушы Қызылорда политехникалық колледжінің директоры Бақыт Кенбаев түлектерді құттықтады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз