Қызылордада 4 ауылға ауыз су тартылады

72

0

Қызылордада 4 ауылға ауыз су тартыладыБиыл «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында Қызылорда қаласына қарасты 4 ауылдық округте су ұңғымалары бұрғылануда. Бұл жөнінде қалалық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастырған БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз турында қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Мұхамедиса  Әлсеріков хабарлады.
Сала басшысының айтуынша «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында республикалық және жергілікті  бюджеттерден бөлінген 1 млрд. 502 млн. теңгеге қала ішінде және 4 ауылдық округте 21 су бұрғылау ұңғымалары бұрғылануда. Қалалық ішкі саясат бөлімінің хабарлауынша, осының нәтижесінде Ақсуат, Абай, Айнакөл, Ақжарма елді мекендерінде 49,8 шақырым ауыз су жүйесі, 74,5 шақырым сервистік желілер тартылып, 1750 су есептегіш құралдары орнатылады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз