Қызылордада 554 млрд. теңгенің өнімі өндірілді

45

0

Қызылорда қаласы бүгінде аймақ экономикасының барлық салаларындағы оң өзгерістер бойынша көш бастап келеді. Бұл туралы қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында депутаттар алдында есеп берген қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев айтты.
Өнеркәсіп кәсіпорындарымен есепті мерзімнің 6 айында қалада 554 млрд. 357 млн. теңгенің өнімдері өндірілді.  Облыста өндірілетін өнімнің 93,4 пайызы, Қызылордада 554 млрд. теңгенің өнімі өндірілдісалынған құрылыс нысандарының үштен екісі Қызылорда қаласының үлесінде. Өңдеу өнеркәсібінің өнім көлемі 12 млрд. 066 млн.теңгені құрап, тамақ өнеркәсібінде ет өнімдері 7,4 пайызға, нан өнімдері 46,9 пайызға артты.  Қала бюджеті өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда  20 пайызға ұлғайтылып, 36 млрд. 363 млн.теңгені құрады. Оның ішінде өз кірістеріміз 2 есеге өсіп, жалпы бюджет кірісінде 45,3 пайызды құрады. Аталмыш қаржылардың басым бөлігі, яғни 35 пайызы – білім, 30 пайызы – коммуналдық шаруашылық, 22 пайызы құрылыс саласына бағытталуда. Жартыжылдықта меншіктің барлық нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдар есебінен негізгі капиталға салынған қаржы көлемі 71 млрд. 223 млн теңге немесе 92,1 пайыз. Облысқа салынған инвестицияның 65 пайызы Қызылорда қаласының үлесінде. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз