Қызылордада 60 жас отбасы баспаналы болды

46

0

Қызылордада 60 жас отбасы баспаналы болдыБүгін Астана күні қарсаңында Қызылордада жаңадан салынған 60 пәтерлік көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. 
Титов
мөлтек ауданынан бой көтерген жаңа үйдің кілтін табыстау рәсіміне облыс
әкімі Қырымбек Көшербаев қатысып, тұрғындардың қуанышына ортақтасты. 

Халықты баспанамен қамту мәселесі мемлекет үшін қашан да басым бағыттың
бірі. Облыста мемлекет қаржысы есебінен салынған тұрғын үй көлемі 3,5
есеге, Қызылорда қаласындағы тұрғын үй құрылысы – 8 есеге өсті, пәтерге
кезекке тұрғандар саны 17%-ға азайды. Соңғы үш жылда Қызылорда облысында
8901 пәтер салынып, тапсырылса, 2015 жылы облыс орталығында аумағы 190
мың шаршы метр 2684 пәтерлі, көпқабатты 52  үй салынды. Бұл – жылдар
бойы жеке баспана күткен, асыл армандарына жетіп, қоныс тойын тойлаған
отбасының саны, – деді облыс әкімі. 
Жаңа
60 пәтерлік тұрғын үй құрылысы «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі»
бағдарламасы аясында «Жас отбасыларына арналған тұрғын үй» бағыты
бойынша 2014 жылы басталған. Жоба құны – 457 млн. теңге. 
«Өңірлерді
дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасында көзделген талаптарға
сәйкес келетін қызылордалық 60 жас отбасы «Қазақстанның тұрғын үй
құрылыс жинақ банкі» АҚ арқылы 4 пайыздық жылдық сыйақы мөлшерлемесімен
15 жылға дейінгі мерзімге жеңілдікпен алып отыр.
Аймақта биыл да былтырғыдан кем емес көлемде құрылыс жүреді. 
Нақтырақ
айтсақ, мемлекет басшының тапсырмасына сәйкес, 2016 жылы тұрғын үй
құрылысына қосымша 360 млрд. теңге бөлініп, нәтижесінде алдағы екі жылда
республикада 29 400 жаңа пәтер пайдалануға берілуі тиіс.
Аталмыш
тапсырма аясында Қызылорда облысында жалпы саны 4 мыңнан астам пәтер
болатын 70 көпқабатты тұрғын үй салынуы жоспарланған. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз