
Бұл қаржылар аясында Мемлекет басшысының халыққа арнаған Жолдауына сәйкес мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлерінің лауазымдық жалақысы 10 пайызға, атаулы әлеуметтік көмекке 12 пайызға, 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар 5 пайызға көбеюде. Қала әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, облыс орталығындағы бірқатар көпқабатты тұрғын үйлер күрделі жөндеуді қажет етеді. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын қайта жаңғырту мемлекеттік бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 72 көпқабатты тұрғын үйлерді жөндеуге 1 млрд.751 млн.теңге бөлінді. Оның ішінде күрделі жөндеу жұмыстары аяқталмаған 25 тұрғын үй бірінші кезекте жөнделетін болады.